Келіннің жанұясындағы міндеттері (Қазіргі заманға) ✅ 1. Ерте тұрып от жағу, шай қойып, дастархан жаю. ✅ 2. Төсек-орнын жинап, үй ішін сыпырып, жуу. ✅ 3. Үй жиһазын, ыдыс-аяқты күтіп ұстау, тамақ істеу, кір жуу. ✅ 4. Баласының, күйеуінің киімін үтіктеп, оқуға, жұмысқа таза, ұқыпты киініп баруын қамтамасыз ету. ✅ 5. Отбасы қаржысын үнемдеп жұмсау, оны екінші жалақыға дейін жеткізе білу. ✅ 6. Тұрғын үй төлемдерінің уақытында төленуін бақылауға алу. ✅ 7. Ағайынның бір-бірімен араласуына, сыйластықта өмір сүруіне ықпал жасау. ✅ 8. Қонақжайлық таныту. ✅ 9. Өзінің үсті-басын күтіп-ұстауы, отбасында ұрыс-керістің болмауына өзін де жауапты екенін сезінуі. ✅ 10. Үй ішінің ескі-құсқыдан құтылып, төсек-орын, киім-кешек, ыдыс-аяқтың, азық-түлік түрлерінің жаңарып, жақсаруына ұйытқы болу. ✅ 11. Үлкендер алдында жалаңбас жүрмей, орамал тартып жүруі. ✅ 12. Омырауын, балтырын, ішін жалаңаштап көрсететін киім-кещек кимей, әдепті болу, дауыс көтеріп сөйлемеу, қатты күлмеу. ✅ 13. Ата-енесінің, бала-шағасының, өзге адамдардың алдында күйеуімен ұрыспау, дөрекі мінез танытпау. ✅ 14. Үлкен адамдардың алдын кесіп өтпеу, олардың көзінше ыржалақтап күлмеу, әзілдесіп-қалжыңдаспау. ✅ 15. Үй жануарларын (малды, итті, мысықты) аяқпен теппеу, ұрмау. ✅ 16. Дастархан басында, ата-енесінің алдында арақ-шарап ішпеу, стақан, рюмке соғыстырмау, оны қолға да алмау. ✅ 17. Ата-енесінің төсегіне отырмау, оған жатпау. ✅ 18. Үй ішінде әбес бейне-фильмдерді көрмеу, музыка ырғағымен билемеу, дауыстап ән шырқамау. ✅ 19. Баласын емізгенде ешкімге де омырауын көрсетпеу. ✅ 20. Жуылған іш киімдерін өзгелер көретін жерге іліп қоймау. ✅ 21. Ата-енесінің, күйеуінің келісімінсіз орынсыз қонақ шақырмау. ✅ 22. Жұрт көзінше әдепсіз қимылдар жасамау. ✅ 23. Үй ішін таза ұстау. ✅ 24. Өсек, өтірік айтпау, мақтанбау. ✅ 25. Отбасының береке-бірлігін, күйеуінің беделін ойлау, ата-анасының сағын сындырмау, төркіншіл болмау.