Оу, ақындарың жырлады!
Оу, ақындардың жырлары...
Өлеңінде, жатқан ішкі сырлары.
Айтыңдаршы, қанша ақыл айтсақ та,
Кім біздерді тыңдады?
Бірақ, бірақ мен емеспін тоқтайтын,
"Елім" десе, тасқа басты соқпайтын.
"Отан" жайлы, жырламасам ақын боп,
Көрінеді, мына жүрек тоқтайтын.
Оу, ақындарың жырлады...
Немістермен шайқасқан,
Арыстанша айқасқан.
Ер жүректі батырларға арналсын,
Қорқақ емес жігіттері қазағымның,
Кеудесінде май басқан.
Дəлелім бар...
Біздің батыр бабалар,
"Отан" десе, кеудесінен жан алар,
Тек қазақтың ақ жаулықты анасы,
"Қазақ" деген, иманды ұл таба алар.
Еске алайын мен де бүгін Сіздерді,
Заманымның тыныштығын ап берген,
Елі үшін, жері үшін жан берген,
41-45 те от кешіп...
Қан майданда жауларына, жалаң аяқ шап берген.
Мына бүгін еске алмасақ Сіздерді,
Неге керек, қызыл тілім қара тасты қақ бөлген?
Тыныш өмір, бейбіт күнді көрсін деп,
Шайқаспап па ед(і) немістермен,
Ойлағаннан біздерді.
Бауыржандай батыр ұл бар қазақта,
Қайратымдай қайсар ұл бар,
Шыдаған көп азапқа,
Мəншүгіммен Əлиямды айтайын,
"Отан" үшін, жүрді емес пе от кешіп,
Сұрапылды соғыста.
Сабирамды айтар болсам ол да бар,
Тəуелсіздік алу үшін жан берген,
Есімдері аталмаған батыр қыздар көп əлі,
Біз білмейтін қанша ма?
Қазағымның қазақ болып тұруы,
Қара жерде аман есен жүруі,
Қазағымның батыр ұл мен қыздарының арқасы,
Ұрпақтары бейбіт өмір сүруі.
Ал енді біз жол бермейік жауларға,
Ата баба ап берген,
Қара жерді көздеп мына отырған,
Қысық көзді қытайларға не болмаса басқаға,
Қолдан беріп жерімізді,
Болмайықшы масқара...
Болмасыншы...
Мына бүгін біздерге,
Жап-жарық күн қап-қара.
Бір қуаныш арайланып атқан таң,
О, Тəңірім қарап тұр ғой аспаннан.
Қазағымның тыныштығын қорыған,
Батырларға арналады асқақ əн!
Міне осылай...
Мен де бүгін батырларға жыр арнап,
Өлеңіммен жақтым шам!
Ав: Айнур Баятанова