ҚАЙРАН ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ...
"Басқа ұлттың жігітіне шыққан қыздарды аттың құйрығына сүйретіп өлтіру керек, асу керек, ату керек, азаматтығынан айыру керек" дейсіздер.
Ал басқа ұлттың қыздарын бақытты етіп отырған ағаларымызды не істейсіздер? Қазақтың шөпке т...шар көп азаматының әйелі өзге ұлттан! Біздің жігіттеріміз Кеңес өкіметі кезінде мансап үшін, тіл үйрену үшін. қызметте өсу үшін Қазақ қыздарын сатты. 90 жылдары қиындыққа шыдамай талайлары өз шаңырағынан безді. Мойны ырғайдай, биті торғайдай болып, егемендіктің елең-алаңында елді де, отбасын да аладорба арқалап жүріп, қиындықтан алып шыққан ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ. Сол аналарымыздың көбісі қазір дімкәс, аурушаң, әбден қажыған. Иманы әлсіз күйеулері ашынамен арақтың соңында зар қақсатса, шариғатшыл байлары тоқал деп тоқылдап отыр... Қазақ қызы қашан бақытты болады? Ақбілек, Қыз Жібек, Мамыр, Еңлік, Жамалдардың көргендері аз ба?! Неге Қазақ әйелдерін, Қазақ қыздарын "крайний" ете береміз еркектер?!
ҚЫТАЙҒА ҚАНША ҚЫЗ КЕТТІ?
Қаншау кетті бәсе? Санап көрейік. Ол үшін статистика комитетіне жүгінеміз. Ресми мәліметтерге сүйенсек: "2010 жылдан бастап 2016 жылғы сәуір айына дейін ҚХР азаматтарына 253 қазақстандық тұрмысқа шыққан көрінеді. Соның ішінде, 190 қазақ қызын Қытайда тұратын өз қандастарымыз, яғни қазақ жігіттері жар еткен. Осы уақыт ішінде, яғни алты жылда этникалық қытайлармен некеге тұрған қыздар саны – небәрі 34.
Ал, осы кезең ішінде Қазақстанның 277 азаматы ҚХР қыздарына үйленген. Соның ішінде 244-і - Қытайда тұратын қазақ қыздарымен бас құраған қазақ жігіттері."
6 жылда небәрі 34 қыз Қытаймен тұрмыс құрған! Мына, жахандану заманында, елдегі жұмыссыздық пен әлеуеттік қуат әлсіз екенін ескергеннің өзінде, Қытай бізге мынау тұрған жердегі көрші болғанның өзінде - Қазақтың қыздарынан тек 34-і ғана қытай азаматына тиген! Неткен тектілік?! Неткен тазалық?! Неге осындай аяулы қыздарымызды бағалаудың орнына бар күнәні олардың мойнына арта саламыз?! Қазақ қызы Айдос Сарым айтпақшы сіздің жеке затыңыз ба еді "берем-бермеймін" дейтіндей? Қазақ қызына қатты жаныңыз ашып жатса "мен тек қазаққа тиемін" дейтіндей жағдай жасап көрдіңіз бе?
"БҰЛ СТАТИСТИКАҒА СЕНБЕЙМІН, ӨТІРІК!"
- деушілерге. Аргументіңіз орынды. Бұл статистиканың рас өтірігін білу үшін былай істеңіз: өз ауылыңызда, ауданыңызда немесе қалаңызда қазақ қызының қытай азаматымен тұрмыс құрғанын қашан естідіңіз? Есіңізге түсіріп көріңізші? Шыныңызды айтыңыз? Көрмек түгілі естімегенсіз ғой солай ма?! Бұл деген сөз - қытаймен болған некелер шынында да тым аз деген сөз! Енді статистикаға сенесіз бе сенбейсіз бе ?
"МҮМКІН СЕН ӨЗ ҚАЛАҢНАН БАСҚА ЖАҚТЫ БІЛМЕЙТІН ШЫҒАРСЫҢ"
- деген уәжіңізге жауабым мынау: ия мен бүкіл Қазақстанды аралап көрмедім. Бірақ мына нәрсені ұғыңыз: егерде жұрт айтып жүргендей қазақтың "сатқын" қыздары пытырлап қытайға тиіп жатса нұр.кз сияқты қатын-ойбай сайттардан бірінші естіп, тойынан репортаж көрер едік қой! Ондай болды ма?! Жоқ! Онда неге Қазақтың қыздарына нақақтан-нақақ жала жабасыз?!
"34 қыз кеткені есеп емес пе?!"
- дейсіз бе? Есеп емес! Біріншіден, әлемнің қай бұрышына барсаңызда көршілес елдің азаматымен бірең-сараң болса да аралас неке болып тұрады. Одан ешкім құтылған емес. Ал бұл жерде миллиардық Қытай тұр! Миллард Қытай Карл! Ал қазақтың қыздары әлі де сатылған жоқ, сатылмайды да! Францияға барыңыз - арабтар француз қыздарын алып қанын бұзып жатыр; Ресейге барыңыз - кавказдықтар орыс қыздарын алып, орыс қанын бұзып жатыр; Бельгиядағы да жағдай осындай. Британ аралдарын айтудың да қажеті жоқ: ирланд-шотланд-ағылшын-валлиліктер араласып жатыр. Осындай глобалдық жахандануда Қазақ қыздарының тектілігіне қайта риза болмаймыз неге?! Біздің арулар сізден көпті де талап етпейді: үйлі-боранды, бала-шағаны аш қалдырмасаң болды бала туа беремін деп тұр.Ал біз соны бағалаудың орнына оларды "сатқындар" қатарына қосып, қатын-ойбай жасаудамыз! Екіншіден, алты жылда қытай азаматымен тұрмыс құрған 34 адамның бәрі Қазақ қызы деп кім айтты?! "Қазақстандық" болғанымен этникалық ұлты басқа қыздар шығар бәлкім?! Бәлкім емес, мен сенімдімін - 34 қыздың 30-ы өзге ұлт өкілі қалғаны орыстанған қыздар! Әйтпесе, қазақы тәрбие көрген қыз Қытайға қатын болып бармайды! Өзбекке тиер, Қырғызға көнер - Ал қытайға тимейді! Тисе жаңағыдай - шала-шатыс (метис), я болмаса қазаққа түк қатысы жоқ қыздар.
ҚОРЫТА КЕЛГЕНДЕ!
Қазақ қызын өзге ұлтқа бергізбеймін десеңіз 1-ақ жолы бар: Қазақ жігітіндей серілер өзге ұлтта жоқ екендігіне сендіру! Өнермен, әл-ауқатпен, біліммен, спортсүйерлігіңмен, мәдениеттілігіңмен, батырлығыңмен, белсенділігіңмен, адалдығыңмен таныт өзіңді! Адасып жүрген бауырларыңды жөнге келтір! Артыңнан ерген інілеріңді жігіттің этолоны болуға, қазақ қыздарын бағалауға үйрет! Сонда қазақ қызы ешқайда кетпейді! Негізі, қазақ қызы бәріне төзгіш, лай лашыққа қамап қойсаңда ерінің етегін ұстап жүре береді. Тым болмаса осы үшін де Қазақ қызы бақытты өмір сүруге лайық қой! Солай емес пе?!
Жу аль Нис ибн Дәу