✅ Бір ғалым айтады: Бес нәрсе, бес нәрсемен білінеді: - Ағаш - жемісімен білінеді. - Әйел - күйеуі кедейленгенде білінеді. - Дос - ауыр күнде білінеді. - Момын - сынаққа түскенде білінеді. - Жомарт - қажет болғанда білінеді. Бес нәрсе, бес нәрсені көтереді: - Кішіпейілдік - ғалымдарды көтереді. - Байлық - айыптауды көтереді. - Үнсіздік - қателікті көтереді. - Ұят - аxлақты көтереді. - Әзіл - қайғыны көтереді. Бес нәрсе, бес нәрсеге жеткізеді: - Көз - зинаға жеткізеді. - Дәмету - өкінуге жеткізеді. - Қанағат - разылыққа жеткізеді. - Көп сапар шегу - танысуға жеткізеді. - Тартысу - айырылысуға жеткізеді. Бес нәрсе, бес нәрсені әкеледі: - Истиғфар - ризық әкеледі. - Көзді тыю - парасат әкеледі. - Ұят - жақсылық әкеледі. - Жұмсақ сөз - мәселені әкеледі. - Ғазаб - өкініш әкеледі. Бес нәрсе, бес нәрсені жояды: - Жұмсақ сөз - ғазапты жояды. - Аллаһтан пана тілеу - шайтанды жояды. -Өзін жақсы көрү - өкінішті жояды. - Тілді тыю - қатені жояды. - Дуға - тағдырдың жамандықтарын жояды. Бес нәрсе бақытты жақындатады: - Жақсылық етуші перзент. - Салиxалы әйел. - Адал дос. - Момын көрші. - Фақиһ ғалым. Бес нәрсе, бес нәрсемен ұлғаяды: - От - бұтақпенен ұлғаяды. - Күмән - жаман ойлауменен ұлғаяды. - Сараңдық - жамандық жасаумен ұлғаяды. - Дауласу - кешірмеумен ұлғаяды. - Ағайының бөлінген арасы - xал сұраспауменен ұлғаяды. Бес нәрсе, бес нәрсеменен безендіріледі: - Денсаулық - жақсы өмірмен безендіріледі. - Сапар - жақсы сұxпатпенен безендіріледі. - Сұлулық - көркем мінезбен безендіріледі. - Ұйқы - дененің раxаттануымен безендіріледі. - Түн - Аллаxты еске алуменен безендіріледі.

Теги других блогов: безендіру білім әрекет бақыт ғалым